Арабстан мен одақтастарының Катарға қойған талаптары халықаралық құқықтарға қайшы
(last modified Mon, 26 Jun 2017 01:54:40 GMT )
Маусым 26, 2017 07:54 Asia/Almaty
  • Арабстан мен одақтастарының Катарға қойған талаптары халықаралық құқықтарға қайшы

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Арабстан мен одақтастарының Катарға қойған талаптарының халықаралық құқықтарға қайшы келетінін мәлімдеп:

"Біз Катардың ұстанымын қолдаймыз. Себебі, Сауд Арабиясы мен одақтастарының қарым-қатынастарды тұрақтандыру үшін Катарға қойған 13 талабы халықаралық құқыққа қайшы" деді. Доха "әл-Джазира" арнасының жұмысын тоқтату, Иранмен байланыстарды азайту немесе Катардағы Түркияның әскери базасын жабу сияқты талаптардың қисынсыз екенін мәлімдеді. Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр осы талаптарды қабылдауы үшін Катарға 10 күн уақыт берді. Доха бұл талаптарды жүзеге асырудың мүмкін емес екенін мәлімдеді. Ердоған түркиялық күштердің Катардан шығарылуына қатысты талапты "Түркияға көрсетілген құрметсіздік" деп атады. Түркия мен Катар тарихи байланыстарға ие. Түркия Парламенті маусым айының жетісі күні осы елдің бірнеше мың сарбазын Катардағы бір базаға орналастыруға рұқсат беретін 2014 жылғы келісімді жүзеге асыру құжатына қол қойды.