Нетаньяху Сирияға қарсы әуе шабуылдарын жалғастыру туралы қоқан-лоққы жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28400
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сирия тарапынан басып алынған Голан жоталарына қарай зеңбірек атылуын сылтауратып, бұл елге шабуылдау туралы қоқан-лоққы жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 26, 2017 07:57 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Сирияға қарсы әуе шабуылдарын жалғастыру туралы қоқан-лоққы жасады

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сирия тарапынан басып алынған Голан жоталарына қарай зеңбірек атылуын сылтауратып, бұл елге шабуылдау туралы қоқан-лоққы жасады.

Сирия жерінен басып алынған Палестинаға қарай зеңбіректің атылуы туралы уәж айтылғаннан кейін сионистік режимнің ұшақтары сенбі күні Голан жоталарындағы Сирияның әскери нысаналарына шабуыл жасады. Бұл оқиғада бірнеше адам қаза болып, жараланды.

Беньямин Нетаньяху: "Израиль Голан жоталарына қарай оқ немесе снарядтың атылуын ешуақытта қабылдамай, әрбір атылған оқ немесе снарядқа жауап береді" деді.

Израильдік қырғи ұшақтар сенбі күні кешке Голан жоталарының солтүстігіндегі Канитара аймағындағы Сирия әскерінің кейбір позицияларына бомба жаудырды. Бұл шабуылда Сирияның бір әскери базасы мен екі әскери танкі Израиль тарапынан нысанаға алынды.

Израиль режимі Сирия жерінен Голан жоталарына қарай снарядтың атылуын сылтауратып, осы елдің әскери позицияларын нысанаға алып отырғаны алғашқы рет емес.

Сирия үкіметінің айтуынша, осы елдің оңтүстік-батысындағы лаңкестік топтар жеңіліске жақындаған сайын сионистік режимнің әскері шекараға жақын маңдағы басып алынған жерлердің нысанаға алынуы сылтауымен сириялық күштердің позицияларына шабуылдайтын көрінеді.