Сирияның астанасындағы лаңкестік жарылыста 8 адам қаза болды
(last modified Mon, 03 Jul 2017 01:02:51 GMT )
Шіл 03, 2017 07:02 Asia/Almaty
  • Сирияның астанасындағы лаңкестік жарылыста 8 адам қаза болды

Сирия астанасы Дамаск қаласының ат-Тахрир алаңында орын алған лаңкестік жарылыста 8 адам қаза болып, 21 адам жараланды.

Сирияның "әл-Ахбария" арнасының хабарлауынша, Сирияның қауіпсіздік күштері жексенбі күні таңертең Дамаскте бомба қойылған 3 көлікті анықтап, оның екеуін қаланың әуежайына жақын маңда  жойды.

Сирия әскері сонымен қатар Дамасктің орталығындағы әт-Тахрир алаңында үшінші көлікті  қоршауға алғанымен, көлік ішіндегі жанкешті өзін жарып жіберді.

Лаңкестердің Дамасктің адам көп жүретін аудандарында бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасамақ болғаны туралы айтылды. Алайда олардың жобасы сәтсіздікке ұшырады.

Біраз бұрын Дамасктегі бір бақылау-өткізу бекетінде бомба жарылысы салдарынан бірнеше адам жараланған болатын.

"Әл-Әлам" телеарнасы лаңкестердің Дамасктің Мал дәрігерлік алаңы мен Дамаск әуежайына апаратын жолды ракеталармен нысанаға алғанын, сол оқиғада бірнеше адамның қаза болып, жараланғанын хабарлады.