Лаңкестер Сирияға химиялық шабуыл жасауды көздеп отыр
Ақпарат құралдары "ан-Носрат" майданы лаңкестік тобының Сириядағы Хан-Шейхун және Куфрияға химиялық шабуыл жасауды жоспарлап жатқаны туралы хабарлады.
Ливандық Al Mayadeen ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Сирияның бір әскери ақпарат көзі:""Ан-Носрат" майданы лаңкестік тобының Хан-Шейхун мен Куфрия коймаларында зарин газын пайдалану арқылы арандатушы әрекет жасауға әзірленіп жатқаны және "ан-Носрат" майданы топ басшыларының біреуі мен кейбір АҚШ пен Түркия азаматтарының Хан-Шейхун аймағында зарин газын пайдалану әрекетінде қатысы бар",-деп мәлімдеді.
Бұл жуырда АҚШ басшыларының тағы да Сирия үкіметінің өз қарсыластарына қарсы химиялық шабуыл жасауға дайындалып жатқаны туралы уәж айтқан жағдайда орын алып отыр. Ресей мен оның одақтастары америкалық басшылардың бұл уәждерін Сирияға әскери басқыншылық жасауға арналған бастама деп атады.
Сонымен қатар, бір сириялық ақпарат көзі ДАИШ тобының Дейр аз-Зурде азық-түліктерді түсіріп жатқан Сирия әскерінің тікұшағына шабуылы кезінде 4 сириялық әскеридің қаза болғаны туралы хабарлады.