Сирияда қауіпсіздік аймақтар құру туралы құжаттар реттелуде
Ресей Қорғаныс министрі Ресей, Иран және Түркияның Сирияда қауіпсіздік аймақтар құруға қатысты құжаттарды реттеуге талпыныс жасап жатқаны туралы хабарлады.
Ресей Федералды ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: «Сирияда қауіпсіздік аймақтар құрып, оларды бақылауға алып, шекараларын белгілеуге қатысты құжаттар дайындалу үдерісі аяқталуға жақындады»,- деді.
Кейбір ақпарат құралдары да: «Сирияда қауіпсіздік аймақтар құру туралы келісімге Астана келіссөздерінің бесінші кезеңінде қол қойылды»,- деп жариялады.
Бүгін, сейсенбі күні Астанадағы сириялық топтар арасындағы екі күндік келіссөздерінде Сирияда қауіпсіздік аймақтар құру мен басқа тақырыптар қарастырылады.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сириядағы атысты тоқтатуға кепіл Ресей, Иран және Түркия елдерінің топтары кездеседі. Сонымен бірге Астана келіссөздерінің жұмыс тобы Сириядағы төрт қауіпсіздік аймаққа қатысты келісімдерді талқылайды.