Ирак Иранның Бағдадтың мәселелеріне араласпайтынын қуаттады
(last modified Fri, 07 Jul 2017 10:30:48 GMT )
Шіл 07, 2017 16:30 Asia/Almaty
  • Ирак Иранның Бағдадтың мәселелеріне араласпайтынын қуаттады

Ирак Президенті ИИР-ның Бағдадтың мәселелеріне араласпайтынын қуаттады.

«Меһр» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ирак Президенті Фуад Масум бейсенбі күні Сауд Арабиясының «Аказ» газетіне берген сұхбатында: «Ирак Иранға дұшпан бола алмайды. Өйткені, Ирак үкіметі барлық елдермен қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр. Сондықтан Иранның Ирак істеріне араласуы туралы уәждер саяси астарға ие. Осы уақытқа дейін Иранның ешбір басшысы Ирак үкіметінен нақты бір әрекет жасауды сұраған емес. Иран мен Ирак қарым-қатынастары толығымен сындарлы»,- деді.

Бұдан бұрын Ирактың Сыртқы істер министрі Ибрахим Джафари: «Аймақтағы Ираннан үркіту саясатының ешбір қисынды негізі жоқ. 2003 жылдан осы күнге дейін ИИР еш уақытта өз әскери күштерін Иракқа енгізген емес»,- деп айтқан болатын.

 

Тегтер