Фаузи Бархум: Иран қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетуді жалғастыруда
(last modified Sun, 09 Jul 2017 13:50:57 GMT )
Шіл 09, 2017 19:50 Asia/Almaty
  • Фаузи Бархум: Иран қарсыласу қозғалысына қолдау көрсетуді жалғастыруда

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың ақпарат өкілі: "ИИР ешқашан Палестинаны қолдауда артқа шегінген емес",- деп мәлімдеді.

ХАМАС-тың ақпарат өкілі Фаузи Бархум сенбі күні Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иранның Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсетуі әлі жалғасуда. ХАМАС Иранның осы көмектерін жоғары бағалайды. 

ХАМАС халықтық қарсыласу қозғалысы ретінде Газа секторы мен басып алынған Палестинаны қорғау мақсатында Израильге қарсы тұру үшін үлкен көмекті қажет етеді. Сол себепті Иранның палестиналықтарға көмек көрсетуін жалғастыратындығына үміттенеді",- деді.

ХАМАС-тың ақпарат өкілі сондай-ақ  БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Құдс қаласын сионистердің ешқандай қатысы жоқ басып алынған қала деп атаған жаңа қарарына байланысты: "ЮНЕСКО-ның қарары сионистердің басып алынған Құдсқа қатысы бар деген оншақты жылдар бойы жалғасып келе жатқан өтірікті айқындап отыр",- деп баса айтты.

ХАМАС-тың ақпарат өкілі АҚШ үкіметінің өз елінің елшілігін Құдсқа көшіру мақсатына байланысты: "Елшілікті көшіру шешімі - ақымақтық. Бұл америкалықтардың адам құқықтары мен демократияны қолдаудағы ұрандарының барлығына күмән келтіреді",- деді.