Сауд Арабиясының әскери таңдауының аймақ үшін шығыны өте ауыр болады
(last modified Tue, 11 Jul 2017 08:03:29 GMT )
Шіл 11, 2017 14:03 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының әскери таңдауының аймақ үшін шығыны өте ауыр болады

Қатар Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясына: «Әскери тұрғыны таңдау аймақ үшін қымбат аяқталады. Қатар санкция салушы елдердің заңсыз талаптарына бағынбайды»,- деп жариялады.

ИРНА-ның дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Қатар Сыртқы істер министрі  Мұхамад Абдурахман әл-Сани Францияның бірінші арнасына берген сұхбатында: «Ешбір дағдарысты тікелей қарсыласумен шешу мүмкін емес. Қайшылықтар келіссөздер арқылы шешіледі. Сондықтан саудиялықтар әрекеттерін күшейтіп, әскери қаржыларын арттыру арқылы аймаққа үлкен шығын келтіретіндіктерін білуі керек»,- деді.

Әл-Сани Қатарға санкция салған төрт араб үкіметінің «Қатар лаңкестікті және Сирия мен Ливиядағы лаңкестік топтарды қолдайды» деген уәждерін теріске шығарып: «Қатар әр түрлі жолдармен лаңкестікпен күресуге талпынды. Лаңкестік әрекеттерді іске асырып, лаңкестікті қолдайтын  Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің азаматтары»,- деді.