ДАИШ Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімін растады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i28850
ДАИШ лаңкестік тобы мәлімдеме жариялап, осы лаңкестік топтың негізгі қолбасшысы Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімін растады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 11, 2017 20:35 Asia/Almaty
  • ДАИШ Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімін растады

ДАИШ лаңкестік тобы мәлімдеме жариялап, осы лаңкестік топтың негізгі қолбасшысы Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімін растады.

Иран Телерадио ұйымы хабар агенттігінің ирактық Alsumaria интернет торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ДАИШ сейсенбі күні қысқа мәлімдеме жариялап, Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімін растап, жаңа халифа тағайындайтындықтарын хабарлаған.

Ирактық дереккөзі «Екі күннен бері Абу Бакр ал-Бағдадидің өлімі туралы Таль-Афарда кез келген сөз айтуға тыйым салынғандықтан, жақында оның өлімі расталатындығы болжанған болатын» деп қуаттады.  

Ал-Алам арнасы да Alsumaria торабына сілтеме жасап: «Ал-Бағдадидің өлімі туралы хабардың ешбір жарнамасыз жариялануы осы лаңкестік топ қолбасшыларының өлімі туралы осы уақытқа дейін жарияланған мәлімдемемелерге керісінше топтың мүшелері арасында көптеген сауал тудырды» деп мәлімдеді.