Түркияда Гүленнің жақтастарынан көп адам құрықталды
(last modified Thu, 13 Jul 2017 15:28:00 GMT )
Шіл 13, 2017 21:28 Asia/Almaty
  • Түркияда Гүленнің жақтастарынан көп адам құрықталды

Түркияның қауіпсіздік күштері Гүлен тобы жақтастарынан Түркияның TRT мемлекеттік телерадио арнасының бұрынғы қызметкерлері болған 39 адамды құрықтады. Құрықталған адамдарды Анкара прокуратурасы тергеуде.

Түркияның қауіпсіздік күштері кеше сәрсенбі күні университеттің 47 ұстазын, соның ішінде Түркияның республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлының кеңесшісі Корау Чалишканды «Фетхулла Гүленмен байланысты» деген айыппен ұстады. Реджеп Тайып Ердоған үкіметі 2016 жылдың шілде айындағы сәтсіз төңкерістен бері 130 000 адамды жұмыстан шығарып, түрмеге қамады.