Сауд Арабиясы Ислам Ынтымақтастық Ұйымында Иранға қарсы мәлімдеме жариялауда сәтсіздікке ұшырады
Иран СІМ саяси істер және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі департамент басшысы: "Сауд Арабиясының Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдері Сыртқы Істер Министрлерінің отырысында ұсынған Рияд мәлімдемесі Иран мен тағы бірнеше елдің қарсылығына байланысты қабылданбады",-деді
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Иран СІМ саяси істер мен халықаралық қауіпсіздік жөніндегі департамент басшысы Ғоламхосейн Деһқани Сауд Арабиясының Кот-д'Ивуарда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мүше елдері сыртқы істер министрлер отырысының жұмыс тәртібінен тыс тақырыптарды қосуға талпынысына сілтеме жасап: "Риядтың мәлімдемесі Ислам ынтымақтастық ұйымы жарғысының негізі мен принциптеріне қайшы келеді. Бұл ұйымның жарғысында мұсылман елдері арасындағы ынтымақтастық пен бірлік және мұсылман үмбетінің қиындықтарды бірігіп шешу қажеттігі қуатталды",- деді.
Деһқани Иранға қарсы қастандық әрекетті АҚШ пен Сауд Арабиясының Ислам ынтықмақтастық ұйымындағы ең маңызды мақсаты деп атап: "Рияд отырысы мен оның мәлімдемесі мұсылман елдері тарапынан ешқашан қабылданбауы тиіс. Себебі, АҚШ пен Арабстан бұл мәлімдеменің құрастырушылары ретінде өздерінің Ислам ынтымақтастық ұйымын құрудағы негізгі мақсаты саналатын Палестина халқының құқықтарына дұшпандықтарын сан рет көрсетті",- деді.