Израильдің премьер-министрі Сириядағы атысты тоқтату бітіміне қарсылық білдірді
Сионистік режимнің премьер-министрі Сирияда Сирия әскері және лаңкестер мен қарсыласушы қарулы топ арасындағы кез келген атысты тоқтату бітіміне қарсылық білдірді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаняху кеше жексенбі күні Парижде Франция президенті Эмануэль Макронмен кездесуінде Ресей мен АҚШ-тың Сирияның оңтүстігінде атысты тоқтату бітіміне қатысты келісімін қабылдамайтынын мәлімдеді.
Сирияның оңтүстік-батысындағы атысты тоқтату бітімі өткен аптаның жексенбі күні түстен кейін жүзеге асырылды.
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаняхудің Парижге сапармен келуіне ашуланған франциялық азаматтар наразылық шеруін ұйымдастырды.
Сионистік режим әрдайым Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетіп келеді. Бұл режимнің қырғи ұшақтары Сирия әскери күштерінің базаларын бірнеше рет нысанаға алған болатын.