Сионистік режимнің әскерилері әл-Ақса мешітінде палестиналықтарға тағы шабуылдады
50 палестиналық, соның ішінде Палестина ұлттық бастамасы жобасының бас хатшысы Мұстафа Барғуси дүйсенбі күні кешке Құдсты басып алған режим әскерилерінің әл-Ақса мешітіне шабуылы салдарынан жараланды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинадағы Қызыл Жарты Ай ұйымы: «Сионистік режим әскерилері Барғусидің басына атуды көздеген»,-деп хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Барғуси Бейт ул-Мұқаддастағы әл-Мақасед ауруханасына жеткізілді.
Палестиналық ақпарат көздері: «Израиль әскерінің Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінің әл-Асбат есігіне жақын жердегі намазхандарға айуандықпен шабуыл жасауы салдарынан кемінде 50 палестиналық жараланды»,-деп хабарлады.
Құдсты басып алған режим әскерилері жұма күні де 3 жас палестиналықты әл-Асбат есігі маңында шәһид етті. Осы айуандық әрекеттен кейін Израильдің әскерилері Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың бұйрығымен әл-Ақса мешітінің есіктерін жауып, палестиналық намазхандар мен туристерді кіргізбей, бұл қасиетті мешітте жұма намазының орындалуына кедергі жасады.