Газа секторын қоршау әрекеттерінің жалғасында бір палестиналық нәресте қайтыс болды
Шіл 19, 2017 08:59 Asia/Almaty
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысының мәлімдеуінше, Газа секторында алты күн бұрын дүние есігін ашқан Әли Фади Ахмад есімді нәрестенің отбасы оны емдету үшін басып алынған Палестинадағы ауруханаларға жеткізуге өтініш білдірген.
Алайда сионистік режим тарапынан кедергі келтірілгендіктен, бұл нәресте дүйсенбі күні қайтыс болды. Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы сонымен қатар: "Газа секторының ауруханаларында 4000-ға жуық науқас, соның ішінде бірқатар бала өлім ауызында жатыр. Ағымдағы жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін 9 адам, соның ішінде, 3 бала емделу үшін Газа секторынан шығуға тыйым салынғандықтан қайтыс болған" деді.
Тегтер