Иордан өзенінің батыс жағалауында бір палестиналық шәһид болды
Сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан әл-Халил қаласының солтүстігіндегі шабуылда бір палестиналық қаза тапты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 30 жастағы осы палестиналық сейсенбі күні кешке сионистік әскерилердің оғынан қаза тапқан.
Ол әл-Халил қаласының солтүстігіндегі Бейт-Ейнун қалашығына кіреберісте жанқиярлық жасап, өз көлігімен сионистік әскерилерді қағып, екі сарбазды жаралады.
Құдсты басып алған режимнің әскерилері сейсенбі күні кешке, сондай-ақ, әл-Ақса мешітінің кіреберісінде палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, ондаған палестиналықты, соның ішінде әл-Ақса мешітінің құтпагері Акраме Сабриді жаралады.
Израиль әскерилерінің Палестина халқымен Иордан өзенінің батыс жағалауының әртүрлі аудандарындағы қақтығыстары соңғы күндері және өткен жұмада үш палестиналықтың Құдста екі сионист сарбаздың өліміне әкеліп соқтырған жанқиярлық амалынан кейін артып кетті.