Сионистік режим палестиналық намазхандарды басып-жаншу әрекеттерін жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29144-Сионистік_режим_палестиналық_намазхандарды_басып_жаншу_әрекеттерін_жалғастыруда
Сионистік режим әскерилерінің бейсенбі күні кешке Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға жасаған шабуылы салдарынан 42 адам жараланды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 21, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Сионистік режим палестиналық намазхандарды басып-жаншу әрекеттерін жалғастыруда

Сионистік режим әскерилерінің бейсенбі күні кешке Құдстың көне бөлігіндегі әл-Ақса мешітінде палестиналық намазхандарға жасаған шабуылы салдарынан 42 адам жараланды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим әскерилері атқан оқтан жараланған екі палестиналықтың жағдайы ауыр деп хабарланды. 

Құдсты басып алған режимнің әскерилері сейсенбі күні кешке әл-Ақса мешітіне кіреберісте палестиналық намазхандарға шабуыл жасап, ондаған адамды, соның ішінде осы мешіттің құтпагері шейх Акраме Сабриді жаралаған болатын.

Дүйсенбі күні кешке де 50 палестиналық, соның ішінде Палестинаның ұлттық бастамасы жобасының бас хатшысы Мұстафа Барғуси Құдсты басып алған режим әскерилерінің шабуылынан жараланды.

Осындай жағдайда сионистік режимнің Премьер-министрі қауіпсіздік органдары басшыларының отырысында: «Әл-Ақса мешітінің кіреберістеріне қойылған электронды есіктер ешбір жағдайда алынбайды»,-деп баса айтты.

Қауіпсіздік отырысы мен сионистердің әл-Ақса мешітіне кіреберісте электронды есіктердің қалуы туралы арандатушы әрекеті Құдстың саяси және діни басшыларының барлық палестиналықтардан бүгін, жұма күні Құдсқа келіп, намазды әл-Ақса мешітінде оқуға шақырған жағдайда жасалып отыр.