Сионист әскерилердің шабуылында 141 палестиналық жараланды
Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамы сенбі күні кешке Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аймақтарда сионист әскерилердің палестиналықтармен қақтығыстарында 141 Палестина азаматының жараланғанын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамы мәлімдеме жариялап, палестиналықтар көбінесе сионист әскерилердің оқ және көзден жас ағызатын газ атуының салдарынан жараланғанына тоқталып: "Құдс қаласында 63 адам жараланды. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш" деді.
Палестинаның Қызыл Жарты Ай қоғамының медициналық қызметкеріның мәлімдеуінше, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аймақтарда 78 адам жараланған. Соның ішінде 35 адам оқ тиіп жараланса, қалғандары жас ағызатын газдан уланған.
Әл-Ақса мешітінің Исламдық мұра және қолжазбалар орталығының директоры Резван Амру израильдік әскерилердің Баб әл-Асбат алдында ереуілге жиналған адамдарға рақымсыз түрде жасаған шабуылына тоқталып, сол шабуылды ереуілге қатысушы қарусыз адамдардың құқығына жасалған нағыз қылмыс деп атады.