Иран мен Ирак әскери-қорғаныс саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды
(last modified Mon, 24 Jul 2017 01:54:10 GMT )
Шіл 24, 2017 07:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак әскери-қорғаныс саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

ИИР мен Ирактың қорғаныс министрлері Теһранда әскери-қорғаныс саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Хосейн Дехқан мен Ирактың Қорғаныс министрі Ерфан әл-Хиали жексенбі күні өзара түсіністік меморандумында екі елдің түрлі салалардағы әкери-қорғаныс ынтымақтастықтарын қуаттады.

Лаңкестік және әсірешілдікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейтіп, тәжірибе алмасу, шекаралардың қауіпсіздігі мен білім беру, логистикалық, әскери-техникалық бөлімдерде қолдау көрсету Иран мен Ирактың ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумының тарауларының қатарын құрады.

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Хосейн Дехқан Ирак Қорғаныс министрімен меморандумға қол қойғаннан кейін тілшілер жиынында: "Бұл ынтымақтастық туралы меморандум болашақ әріптестіктер үшін жол ашып, екі елдің қарым-қатынастарының дамуына негіз болады" деді.

Бригада генералы Дехқан Ирак әскері мен халқының лаңкестік топтармен соғыстағы  жеңісіне тоқталып: "Иран мен Ирак ынтымақтастықтарының жалғасуы Ирак пен аймақта осы ағымдардың қайта бой көтеруіне тосқауыл болады" деді.

Ирактың Қорғаныс министрі Ерфан әл-Хиали да Иран мен Ирак арасында қол қойылған өзара түсіністік меморандумының қауіпсіздік сыйлап, екі елдің мүдделерін қорғайтындығына үміт білдірді.

 

Тегтер