Ирак үкіметі өзінің территориялық тұтастығын қорғауы қажет
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29228
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Ирак үкіметі болашақта аймақта қуатты, қауіпсіз әрі демократиялық Ирак елі қалыптасуы үшін өзінің территориялық тұтастығын қорғауы қажет",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 24, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Ирак үкіметі өзінің территориялық тұтастығын қорғауы қажет

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Ирак үкіметі болашақта аймақта қуатты, қауіпсіз әрі демократиялық Ирак елі қалыптасуы үшін өзінің территориялық тұтастығын қорғауы қажет",- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні кешке Теһранда Ирак Қорғаныс министрі генерал-майор Эрфан әл-Хиялимен кездесуінде: "Ирак аймақта өте маңызды орын алады. Себебі, бұл елдің халқының саны көп әрі көптеген мүмкіндіктер мен ресурстарға ие. Сол себепті осы бағалы ресурстарын пайдалануы керек",- деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы Израиль режимінің аймақтағы жаңа қастандық әрекеттеріне сілтеме жасап: "ИИР лаңкестермен күресу кезіндегідей Ирак халқы мен үкіметінің жанынан табылып, Ирактың түрлі топтары мен тайпаларының бірлігіне қолдау көрсетеді",- деді.

Ирак Қорғаныс министрі генерал-майор Эрфан әл-Хияли да Ирак халқы мен үкіметінің лаңкестермен соғыста оларды жалғыз қалдырмаған адамдарды ешқашан ұмытпайтынын мәлімдеп: «Ирак халқы ешбір саяси тарапқа өз елін бөлшектеуге рұқсат бермейді. Себебі, лаңкестерді Ирак бірлігін сақтап қалу жолында қаза болғандардың арқасында жеңдік",- деді.