Иран мен Ирак: экономикалық серіктестіктен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарға дейін
(last modified Mon, 24 Jul 2017 12:50:26 GMT )
Шіл 24, 2017 18:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак: экономикалық серіктестіктен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарға дейін

Тұрақты және қауіпсіз Ирак – Иран Ислам Республикасының сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі. Сол себепті, Иран үшін ДАИШ-тен кейінгі Ирактағы маңызды мәселе бейбітшілік пен тұрақтылық орнатып, лаңкестікті толық жою саналады.

Осының негізінде Иран мен Ирак арасындағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтар екі ел қарым-қатынастарын тереңдетуде негізгі рөл атқаратын маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

Иран мен Ирак Қорғаныс министрлері кеше жексенбі күні Теһранда қорғаныс саласында  өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум келешектегі ынтымақтастықтар мен екі ел қатынастарын кеңейту үшін негіз болмақ. Ирак Қорғаныс министрі генерал-майор Эрфан әл-Хияли тілшілерге берген сұхбатта Иран мен Ирак арасындағы қол қойылған меморандумды екі елдің мүдделеріне сай деп бағалады.

Иранның Ирак үкіметі, халқы мен қарулы күштеріне толық қолдау көрсетуі Иранның лаңкестермен күресіндегі ықпалды рөлін бүкіл әлемге паш еткені және өзара әрекеттестіктің Ирак пен аймаққа тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайта орнатуда маңызды әрі берік нәтиже бергені күмәнсіз.

Қазір Ирак пен Иран Ислам Республикасының ынтымақтастықтары алаңдық демеушіліктерге иек артқан. Бұл үлгіні әскери-қорғаныс саласында басқа аймақ елдерімен де нығайтуға болады.

Сардар Деһқан осыған байланысты: "Иран Иракта қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату және бұл елді қуатты елге айналдыру үшін екі елдің саяси-экономикалық және әскери әлеуттерін пайдаланбақ",- деді.

Мәскеудегі саяси мәселелердің сарапшысы Андрей Корибко жуырда берген сұхбатында Ирак әскери күштерінің Мосул қаласын азат етуде жеңіске жеткеніне тоқталып: "АҚШ осы жеңістегі өзінің үлесін әсерлі етіп көрсетіп, Иранның одақтасы күштерінің көмегімен атқарған рөлін залалсыздандырып, оны маңызсыз әрі солғын етіп көрсетуге талпыныс жасауда",- деп мәлімдеді.

Иран мен Ирак арасындағы қарым-қатынастарға қатысты осындай теріс кеңістік құруға қарамастан, екі елдің лауазымды тұлғаларының еркімен қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтарды нығайту мақсатында жаңа қадамдар жасалды. Иранның Қорғаныс министрі айтып өткендей, Иранның көзқарасы бойынша Ирактың ұлттық бірлігі мен территориялық тұтастығының сақталуы тұрақтылық, қауіпсіздік пен сол елдегі барлық нәсілдік топтардың мүдделерінің кепілі саналады.

Иран мен Ирак ортақ саяси комитетінің отырысын өткізу үшін жоғары деңгейлі  делегацияны бастап, Бағдадқа сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари жексенбі күні Ирак президенті Фуад Масуммен кездесуінде Ирактың ұлттық бірлігін сақтау қажеттігін қуаттады.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда Иран мен Ирак арасындағы қарым-қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықтарға негіз жасаған кезеңге жетті деп айтуға болады. Сол себепті кейбір араласушы ағымдардың бұл негізгі мәселеден алыстату мен Иранның Ирактағы сындарсыз араласушылығы мен ықпалы туралы біржақты талдаулар мен сараптамалар жасау арқылы бұл жетістікті солғындатып көрсетуге талпыныс жасауы әбден мүмкін.

 

Тегтер