Ливанның Арсал қалашығында "ан-Носрат" лаңкестік тобының маңызды базасы алынды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29246-Ливанның_Арсал_қалашығында_ан_Носрат_лаңкестік_тобының_маңызды_базасы_алынды
Ливанның қарсыласу күштері Арсалда ілгерілеушіліктерге қол жеткізіп, «ан-Носрат» лаңкестік тобының ең маңызды базасы орналасқан «Вади ал-Хейл» аймағын толығымен азат етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 24, 2017 22:13 Asia/Almaty
  • Ливанның Арсал қалашығында

Ливанның қарсыласу күштері Арсалда ілгерілеушіліктерге қол жеткізіп, «ан-Носрат» лаңкестік тобының ең маңызды базасы орналасқан «Вади ал-Хейл» аймағын толығымен азат етті.

Бүгін, дүйсенбі күні Ливанның шығысындағы Арсал қалашығын азат ету шайқастарының төртінші күні қарсыласу күштері «ан-Носрат» лаңкестік тобына қатты соққы беріп, сол жердегі бірқатар аймақты азат етті.

Қарсыласу күштері сонымен қатар Арсал қалашығының айналасындағы «ан-Носрат» лаңкестерінің позицияларын қиратып, Вади ал-Мейсаре аймағы мен ас-Сахн жоталарын өз бақылауына алды. Сириядағы Батыс ал-Ғаламун жоталары мен Ливан аумағындағы Арсал жоталары соңғы үш жылда «ан-Носрат» тобы сынды лаңкестік топтардың әрекеттеріне куә болды.