Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Сауд әулетінің әл-Авамиедегі қылмыстарын айыптады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29412
Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Сауд әулетінің Сауд Арабиясының әш-Шәрқие облысындағы әл-Авамие ауданында жасаған қылмыстарын айыптап: «Сауд әулеті режимі тайпалық-мазхабтық есеп айырысып, осы аудан халқының заңды талаптарын басып-жаншуды мақсат тұтып отыр»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 30, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Сауд әулетінің әл-Авамиедегі қылмыстарын айыптады

Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Сауд әулетінің Сауд Арабиясының әш-Шәрқие облысындағы әл-Авамие ауданында жасаған қылмыстарын айыптап: «Сауд әулеті режимі тайпалық-мазхабтық есеп айырысып, осы аудан халқының заңды талаптарын басып-жаншуды мақсат тұтып отыр»,-деп хабарлады.

Сауд әулеті әскерилерінің сенбі күнгі Сауд Арабиясының әш-Шәрқие облысындағы әл-Авамие ауданында жасаған шабуылында екі жас бала қаза тапты. Саудиялық белсенділер де шиіттер тұратын әл-Авамие ауданында жүріп-тұруға тыйым салу заңының енгізілгенін хабарлады. Сауд әулеті әскерилерінің осы ауданға жұма күні жасаған артиллериялық шабуылында да кемінде 5 адам қаза тапты.

Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы сенбі күнгі мәлімдемесінде: «Халықаралық қауымдастық пен адам құқығын қорғаушы ұйымдар өздерінің үнсіздігі және әрекетсіздігімен Сауд әулеті режиміне Сауд Арабиясының әш-Шәрқие облысында тұратын қорғансыз халыққа шабуыл жасауын жалғастыра беруге мүмкіндік беріп отыр»,-деді.

Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы Батыс елдерінің адам құқығына қатысты екіұшты саясат ұстанып отырғанын айыптап: «Сауд әулеті режимі Сауд Арабиясы халқын басып-жаншумен қатар, екі жылдан астам уақыт бойы Йеменді жан-жақты шабуылдардың астына алып, Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетіп келеді»,-деп қуаттады.