Йеменде 1 миллионнан астам бала тырысқақ ауруына ұшырау қарсаңында тұр
Бір халықаралық қайырымдылық қоры Йемендегі жасы беске толмаған 1 миллионнан астам баланың тырысқақ ауруына ұшырау қарсаңында тұрғанын ескертті.
Балаларды құтқарушы қайырымдылық қоғамы сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Йемендегі жасы беске толмаған 1 миллионнан астам бала тырысқақ ауруына шалдығу қаупі жоғары аймақта өмір сүріп жатыр.
Қазіргі күні Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың 44 пайызын 15 жастан төмен балалар құрайды»,-деді.
Бұл мәлімдемеде Арабстанның Йеменге әскери шабуылы салдарынан туындаған экономикалық кедейшіліктің миллиондаған йемендікті азық-түлікке жарытпай, тырысқақ ауруына ұшырауына себеп болғаны, сондай-ақ, 2015 жылдың сәуір айынан бері 425 мың адамның тырысқақ ауруына шалдыққаны, олардың 1900-нің жан тәсілім еткені айтылды.
Арабстан 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменнің отставкаға кеткен президенті Әбд-Раббу Мансур Хадиді билікке қайтару сылтауымен бұл елге әскери шабуыл жасады. Соның салдарынан осы күнге дейін 40 мыңға жуық адам қаза тауып, жарақат алды.