Шейх Қаблан: Иран – барлық мұсылмандардың панасы
(last modified Fri, 18 Mar 2016 12:35:20 GMT )
Нау 18, 2016 18:35 Asia/Almaty
  • Шейх Қаблан: Иран –  барлық мұсылмандардың панасы

Ливан шиіттерінің Исламдық жоғары кеңесі төрағасының орынбасары ИИР-н дүниежүзінің барлық мұсылмандарының панасы деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ливан шиіттерінің Исламдық жоғары кеңесі төрағасының орынбасары Абдоламир Қаблан бейсенбі күні Иранның сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінң төрағасы Камал Харазимен Бейруттегі кездесуінде: «Иран – барлық мұсылмандар мен аймақ халықтарының үміті әрі панасы»,- деді.

Шейх Қаблан Иранның Палестина халқы мен бұл халықтың қарсыласу қозғалысының сионистік дұшпанға қарсы күресін қолдауын мадақтап: «Иран Ливан халқы мен қарсыласу қозғалысының сионистік және тәкфіршіл дұшпанға қарсы күресіне маңызды қолдау көрсетті»,- деп мәлімдеді.

Ливан шиіттерінің Исламдық жоғары кеңесі төрағасының орынбасары имам Хомейнидің хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламына сүйенген жолын қорғау қажеттілігін қуаттап: «Иран Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығымен Ислам революциясын нысанаға алу арқылы мұсылмандардың бірлігі мен ынтымақтастығына өз ықпалын тигізуді көздеген қастықтарды нәтижеге жеткізбеді»,- деп баса айтты.

Харази да ИИР-ның барлық исламдық және олардың тәуелсіздігін қолдаушы халықтар мен мемлекетерге тек жақсылық қалайтынын айтып: «Иран мен Ливан үздік қарым-қатынастарға ие болып келді. Бұл қатынастар үздік күйде қалады»,- деді.