Сирия Арсалды азат етуде маңызды рөл атқарды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29576-Сирия_Арсалды_азат_етуде_маңызды_рөл_атқарды
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Сирия әскерінің Ливан Хезболласына Арсал шайқасында көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп: "Лаңкестермен қарсыласуда жеңіске жетуіміз ИИР-ның көрсеткен қолдауларына қарыздар",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 05, 2017 16:42 Asia/Almaty
  • Сирия Арсалды азат етуде маңызды рөл атқарды

Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла Сирия әскерінің Ливан Хезболласына Арсал шайқасында көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіріп: "Лаңкестермен қарсыласуда жеңіске жетуіміз ИИР-ның көрсеткен қолдауларына қарыздар",- деп мәлімдеді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сирия әскерінің Хезболланың жанында күресуін Арсалды азат ету амалдарын тездету дәлелдерінің бірі екенін айтып: "Ливан халқы Сирия президенті Башар Асад пен Сирия халқына алғыс білдіреді",- деді.

Сейіт Хасан Насролла сондай-ақ Иран Ислам Республикасына алғыс білдіріп: "Қарсыласу тобының Арсал жоталарындағы жеңісі Иранның кәсіби қолдауы мен көмектерінің арқасында",- деді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы БҰҰ-ның Арсалды  азат ету амалдарында ешқандай рөл атқармағанын баса айтып, осы аймақтағы Хезболла мен "ан-Носрат" майданы лаңкестік тобы арасындағы атысты тоқтату бітіміне тоқталып: "Атысты тоқтату бітімі жайлы келіссөздер БҰҰ мен Қызыл Крест ұйымының қатысуынсыз-ақ нәтижеге жетті. Оның кепілдері Ливанның қауіпсіздік күштері мен Хезболла болды",- деп баса айтты.

"Ан-Носрат" майданы лаңкестік тобының мүшелерін тасымалдаушы соңғы автобус сәрсенбі күні кешке Ливанның Арсал жоталарынан кетті.