Сирия БҰҰ-ға жазған хатында америкалық коалицияны тарату қажеттігін баса айтты
Сирия СІМ БҰҰ-ға жолдаған хатында ДАИШ-ке қарсы заңсыз америкалық коалицияны тез арада таратуды, Сирия халқына қарсы жасалып жатқан қылмыстарды доғаруды сұрады.
ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сирия СІМ БҰҰ бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында: "Сирия соғыс қылмысы мен адамзат баласына қарсы қылмыстың айқын мысалы саналатын америкалық коалицияның қылмыстарының ешқандай ақтауға келмейтінін айтып, оларды айыптайды.
ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның Ракка қаласындағы тұрғын үй аудандарын бомбалап, тұрғындардың үйлері мен ауруханаларды қиратып, ақ фосфорды пайдалануы халықаралық заңдарды әшкере бұзу саналады. Сонымен қатар бұл осы коалицияның Сирияның Ракка, Хасака, Алеппо және Дейр аз-Зур облыстары мен басқа аймақтарындағы сириялық бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмыстарының жаңа парағы саналады",- деп жазылған.
Сирия СІМ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен оны қорғау және әлем мемлекеттерін БҰҰ-ның қарарларын, әсіресе лаңкестікпен күресуге қатысты қарарларын жүзеге асыруға мәжбүрлеудегі жауапкершілігін орындауды сұрады.