Нетаньяхудың ісі бойынша соты отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29652
Израильдің Haaretz газеті сионистік режим премьер-министрінің сыбайлас жемқорлықпен байланысты сот отырысының өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 07, 2017 15:51 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың ісі бойынша соты отырысы өтеді

Израильдің Haaretz газеті сионистік режим премьер-министрінің сыбайлас жемқорлықпен байланысты сот отырысының өтетінін хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің сионистік Haaretz газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың ісі бойынша сот отырысы өтетін болды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес штабында бұл іс бойынша тергеу ісі 2017 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Израиль полициясы парақорлықты  премьер-министрге тағылған айыптардың бірі екенін мәлімдеп, жүргізілген тергеу жұмыстарына байланысты Беньямин Нетаньяху жемқорлық, алаяқтық пен мемлекетке сатқындық жасауда басты  рөл атқарғанын баса айтты. Сонымен қатар Израиль соты Израиль премьер-министрінің сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық туралы ісіндегі рөлінің артуы себебімен оның ісі бойынша тергеу ісі және сот амалдарының егжей-тегжейін таратуға тыйым салды.

Қазір сионистік режимнің Сот билігіндегі жауапты басшылардың Беньямин Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлық туралы ісінде жасаған бүлдіргі әрекеттеріне наразы жүздеген адам сенбі күні кешке басып алынған Палестинаның әртүрлі аймақтарында наразылық шеруін ұйымдастырып, Нетяньяхудің кабинетін таратуды талап етті.

Haaretz газетінің мәліметі бойынша, израильдік Еңбек партиясының жаңа төрағасы Ава Гбаи мен "Болашақ бар" партиясының басшысы Яир Лапид елдегі билікке қол жеткізу үшін Беньямин Нетаньяхуды билік басынан кетіруге  қысым көрсету арқылы сайлаулардың ертерек өткізілуін көздеп отыр.