Саудиялық басшылардың Иранға қарсы уәждері негізсіз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i29716
ИИР-ның Ауғанстандағы елшілігі Сауд Арабиясының Кабулдағы елшілігіндегі сенімді өкілінің кәсіби емес және жікшілдік пен алауыздық тудырушы сөздерін бос қауесет деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 09, 2017 18:01 Asia/Almaty
  • Саудиялық басшылардың Иранға қарсы уәждері негізсіз

ИИР-ның Ауғанстандағы елшілігі Сауд Арабиясының Кабулдағы елшілігіндегі сенімді өкілінің кәсіби емес және жікшілдік пен алауыздық тудырушы сөздерін бос қауесет деп атады.

Саудиялық басшылардың Теһранға қарсы бос уәждерінің жалғасында Арабстанның Кабулдағы елшілігіндегі сенімді өкілі Иранды Ауғанстан жеріндегі қарулы топтарға қолдау көрсетеді деп айыптады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР-дың Ауғанстандағы елшілігі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "Иран Ауғанстан жеріндегі қарулы топтарға қолдау көрсетеді деген уәждің осы ел мен аймақтағы түрлі лаңкестік топтармен жақын қатынас жасайтын режим тарапынан айтылуы таңқаларлық жағдай.

Аймақтағы әсірешіл сенімдер мен лаңкестіктің қайдан бастау алатыны баршаға мәлім. Бұл көзқарасты қолдаушылардың қате саясат ұстануы аймақты әсірешілдік пен лаңкестік саласында қиындықтар мен бақытсыздықтарға ұшыратады",- деді.

Иранның Ауғанстандағы елшілігі бұл мәлімдемесінде Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауды өзінің негізгі саясаты екенін тағы қуаттап: "Ауғанстан елдердің ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігінің орталығы мен негізі болып, басқа мемлекеттерге қиындықтары мен жеңілістерін Ауғанстанның ортасына әкелуден қатаң түрде бас тартуға кеңес беруі тиіс",-деп мәлімдеді.