Сауд Арабиясының аймақтағы рөлі – АҚШ-тың жеңіліс тапқан саясаттарын қайта жандандыру
Сауд басшыларының Теһранға қарсы жобалары жалғасын табуда. Саудиялықтарға бағынышты саяси орталар соңғы күндері Иранға қарсы саяси әрекеттерін жалған уәждер қалыбында арттырды. Бұл әрекеттердің мақсаты Иранға аймақтық және халықаралық деңгейде қысым жасау болып отыр.
Осы саладағы ең жаңа жобада Сауд Арабиясының Ауғанстандағы елшілігінің сенімді өкілі: «Иран Ауғанстанның ішіндегі қарулы топтарға қолдау көрсетіп отыр»,-деп жалған уәж айтты.
ИИР-ның Ауғанстандағы елшілігінің сенімді өкілі сейсенбі күні мәлімдеме жасап: «Аймақтағы әсірешіл ойлар мен лаңкестік толқынның қай жерден басталып отырғанын және осы идеологияны демеушілердің қате саясат қабылдауының аймақты экстремизм мен терроризм саласындағы қиындықтарға ұшыратқанын барша жұрт айқын біледі»,-деді.
Эр-Риядтың Иранның Ауғанстандағы рөлі туралы уәждері ИИР-ның Кабулдағы елшілігі тарапынан тиісті жауап алғанымен осындай кеңістік тудырушылықтың мақсаттарын Сауд Арабиясының аймақтық қарым-қатынастағы теріс әрі бүлдіргі рөлінен іздеу қажет.
Эр-Риядтың басшылары осындай жалған уәждерді жобалау арқылы екі стратегиялық мақсатты көздейді: біріншісі, эр-Рияд өзінің ішкі іске араласушы теріс саясаттарына заңдылық беруді көздейді. Бұл саясаттар аймақты Сириядан бастап, Ливан, Ирак, Йемен мен Ауғанстанға дейін соғысқа душар етіп, қанға бөктірді. Сауд Арабиясының іріткі салудан көздейтін екінші мақсаты – Иран мен көршілес елдер арасында алшақтық тудырып, Иранның рөліне қатысты сенімсіздік қалыптастыру.
Иран Президентінің инаугурациясына әлемнің бес құрлығындағы әртүрлі елдерден жүздеген делегациялар мен жоғары лауазымды тұлғалар, соның ішінде Ауғанстан Президенті мен аймақтағы араб елдерінің басшылары қатысқаннан кейін Сауд Арабиясынан мұндай әрекеттерді күтуге болады. Мұндай қатынас Иранның халықаралық қауымдастықта, әсіресе көршілес елдермен даму үстіндегі байланысы мен танымалдығына кімнің наразы екенін көрсетеді.
Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани Теһран сапарында Хасан Руханимен кездесіп, ИИР үкіметінің үздіксіз көмектеріне алғыс айтып: «Ауғанстан үкіметі Иран сияқты көршілес елдердің әріптестігімен өзінің шекараларының қауіпсіздігін арттырып, оларды достық пен әріптестік шекараларына айналдыруды көздейді»,-деді.
Қазіргі таңда Сауд Арабиясының тәкфирлік лаңкестік топтарды қолдауының Таяу Шығыстың қатігездік пен лаңкестікке душар болуына себеп болғанын бәрі біледі. Егер 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі шабуылдан кейін орын алған оқиғаларға шолу жасасақ, Сауд Арабиясының өзінің аймақ елдеріне таңылған бейберекеттіктің бір бөлігіне себеп болғанын көреміз. АҚШ әл-Каидамен күрес сылтауымен Ауғанстанды басып алған кезде әл-Каиданың басшылары, соның ішінде Усама бен Ладен Сауд Арабиясының шахзадаларымен байланыста болған. 11 қыркүйек оқиғасының 19 негізгі айыпталушысының 15-і Сауд Арабиясының азаматтары болған. Эр-Рияд басшылары қазір осы көлеңкелі өткенін Иранға қарсы айыптауларымен ақтағысы келеді.