ДАИШ Иранға тағы да қоқан-лоққы жасады
(last modified Thu, 10 Aug 2017 10:38:38 GMT )
Там 10, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • ДАИШ Иранға тағы да қоқан-лоққы жасады

Сирия мен Иракта ақтық демін алып жатқан ДАИШ лаңкестік тобы бір бейнетаспа жариялап, өзінің мүшелерінен ИИР-на қарсы лаңкестік әрекеттер жасауды сұрады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ДАИШ осы бейнетаспада өз мүшелерінен  Сирия мен Ирактағы осы лаңкестік топқа қосыла алмаса, ИИР-на қарсы лаңкестік әрекеттер жасауды сұрады.

Бұл бейнетаспада, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестерінің Теһрандағы Ислам кеңесі мәжілісіне және ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесіне жасаған жуырдағы шабуылдарының суреттері көрсетілді.

ДАИШ лаңкестерінің 7 маусымда Теһрандағы Ислам кеңесі мәжілісіне және ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесіне жасаған шабуылдарында 18 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

ДАИШ-тың осы айуандық қылмысынан кейін Ислам революциясының  Сақшылар корпусы 18 маусымда тәкфирлік лаңкестерді жазалау мақсатымен ДАИШ лаңкестерінің Сирияның шығысында орналасқан Дейр эз-Зордағы жиналу, техникалық қолдау және бомба қойылған автокөліктерді жасау орталықтарын құрлықтан құрлыққа орта қашықтыққа атылатын алты зымыранмен нысанаға алды.