ДАИШ Иранға тағы да қоқан-лоққы жасады
Сирия мен Иракта ақтық демін алып жатқан ДАИШ лаңкестік тобы бір бейнетаспа жариялап, өзінің мүшелерінен ИИР-на қарсы лаңкестік әрекеттер жасауды сұрады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ДАИШ осы бейнетаспада өз мүшелерінен Сирия мен Ирактағы осы лаңкестік топқа қосыла алмаса, ИИР-на қарсы лаңкестік әрекеттер жасауды сұрады.
Бұл бейнетаспада, сондай-ақ, ДАИШ лаңкестерінің Теһрандағы Ислам кеңесі мәжілісіне және ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесіне жасаған жуырдағы шабуылдарының суреттері көрсетілді.
ДАИШ лаңкестерінің 7 маусымда Теһрандағы Ислам кеңесі мәжілісіне және ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) кесенесіне жасаған шабуылдарында 18 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
ДАИШ-тың осы айуандық қылмысынан кейін Ислам революциясының Сақшылар корпусы 18 маусымда тәкфирлік лаңкестерді жазалау мақсатымен ДАИШ лаңкестерінің Сирияның шығысында орналасқан Дейр эз-Зордағы жиналу, техникалық қолдау және бомба қойылған автокөліктерді жасау орталықтарын құрлықтан құрлыққа орта қашықтыққа атылатын алты зымыранмен нысанаға алды.