Израиль режимі алдағы әрбір соғыста жеңілістен көз ашпайтын болады
Ливан Хезболласының бас хатшысы Насролла:: "Әрбір жаңа соғыста Израиль режиміне беретін соққымыз бен оның жеңіліс табуы 2006 жылғы соғыстағы жеңілістен де қаттырақ болмақ",- деп баса айтты.
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла жексенбі күні кешке Ливан қарсыласу қозғалысының 2006 жылы Израиль режиміне қарсы 33 күндік соғыстағы жеңісінің он бірінші жылдығына орай өткен арнайы рәсімде: "Бұл – қарсыласу қозғалысының сионистік режимді Ливанды басып алуда сәтсіздікке ұшыратқан және осы режимге қарсы табандылық көрсеткен өте маңызды күн.
Лаңкестік дегеніміз - АҚШ пен Израиль. Бірақ, Хезболла олардың жоспарларының күлін көкке ұшыратады. АҚШ пен Израиль Хезболланы қиратушы және қатерлі күш деп атайды. Иә, солай. Бірақ, тек Израильдің жоспарларына қарсы қатерлі күш.
Лаңкестікті тудырған АҚШ. Дональд Трамп осы мәселені өзінің сайлауалды науқаны кезінде растады. АҚШ Сирия мен Ирактағы лаңкестікке қаржылай көмек көрсетіп отыр. Бірақ оның Хезболлаға зиян тигізуге ешқашан шамасы келмейді",- деді.