Ирактың қауіпсіздігі – Иранның қауіпсіздігі
ИИР Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы бригада генералы Аштари Иранның Ирактың қауіпсіздігі мен дамуын өзінің қауіпсіздігі мен дамуы санайтынын мәлімдеді.
Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хосейн Аштари жексенбі күні Теһранда Ирак Ішкі істер министрі Ғасем әл-Араджимен кездесуінде Ирак халқы мен әскерінің лаңкестік топтарға қарсыласуын жоғары бағалап: "Иран Полициясы Ирактағы әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуге және Ирак полициясының лаңкестерге қарсы тәжірибесін пайдалануға дайын",- деп мәлімдеді.
Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы Иран мен Ирактың ортақ дұшпаны мен мақсаты бар екенін айтып: "Екі ел өз тәуелсізігін сақтап қалу үшін өз жерлерінен бөгделерді алыстатып, ДАИШ-тың көзін толығымен жоюы тиіс.
Иран Ирак үкіметінің жуырдағы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы жеңіске жетуіне көп үлес қосты. Ирак халқы мен үкіметі бұл жеңістер үшін Ислам Республикасының көмектеріне қарыздар",- деді.
Кездесу барысында жексенбі күні Теһранда екі елдің Ішкі істер министрлері Абдулреза Рахмани Фазли мен Ғасем әл-Араджи «Арбағин» рәсімін өткізу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.