ДАИШ-тың құлдырауымен Израиль алаңдаушылыққа ұшырады
(last modified Tue, 15 Aug 2017 12:19:59 GMT )
Там 15, 2017 18:19 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың құлдырауымен Израиль алаңдаушылыққа ұшырады

Ирак пен Сирия армиясы және қарсыласу күштерінің ДАИШ-ке қарсы соғысындағы үсті-үстіне жеңістері ДАИШ пен басқа лаңкестік топтардың қылмыстарынан босқынға айналған халық үшін жақсы хабар болғанымен, ДАИШ-тың құлдырауы олардың демеушілері үшін ащы әрі алаңдатарлық хабар болды.

Өткен жылдары ДАИШ-ты қаруландырып, Ирак пен Сирияны жіктеуге үміттенген сионистік режим бүгінде ДАИШ-тың жойылуына алаңдаушылық білдіріп, үмітсіздікке душар болып отыр.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху жексенбі күні Ашдод портында сөйлеген сөзінде: «ДАИШ кетіп, Иран келді. Біз Иран мен оның Сириядағы Хизболла сияқты одақтастарының әскери құзырына шынайы қарсымыз. Сондықтан кез келген қажет іске барып, жерімізді қорғаймыз»,- деді.

Мұндай сөзді Палестинаның басып алынған жерлерін өз жері санайтын қылмыскер режимнің басшысынан есту  қисынға келмейтін жайт. Сионистік режимнің болмысы қылмыстар мен басып алушылыққа сүйеніп қалыптасты. Алайда бұл сөздер алаңдаушылық тудырады. ДАИШ пен сионистердің аймақты билеп-төстеу мақсатында қырып-жою, қирату және әйелдер мен балаларды босқынға айналдырумен айналысуы ұқсас. Бұл ұқсастықтар ислам әлеміндегі ДАИШ пен тәкфиршілердің АҚШ пен Ұлыбритания және сионистік режимнің ортақ өнімі екенін көрсетті.

АҚШ пен Израиль және Сауд Арабиясы аймақтың кейбір мемлекеттерімен ынтымақтасып, ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарды құрып, қарсыласу шебін әлсірету мен аймақты жіктеу мақсаттарына жетуді көздеді. Бірақ бұл жоба бүгінде сәтсіздікке ұшырады.

Ислам революциясының Сақшылар Корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами Иранның бірінші арнасына берген сұхбатында бұл жағдай туралы: «АҚШ пен одақтастары дағдарысты басқару үшін тайпалық және шиіттер мен сүнниттердің арасына іріткі сала алатын күшті қажет етті»,- деді.

Бұл ағымның ізін Нетаньяхудың Сирия мен Ирактағы өзгерістерге қатысты реакциясынан байқауға болады. Негізінде Израильдің ДАИШ-тың жойылуына қатысты алаңдаушылықтары Израильге өз мақсаттарын іске асыруға мұрсат тудырған алтын жағдайдан айрылуына байланысты. Алайда, ДАИШ-тың жақын арада жойылатындығына күмән жоқ. Израиль езілген Паластина халқына қарсы қылмыстарына жауап беру қажеттігі туралы ойланғаны жөн. Осындай жағдайда сионистік режимнің басшылары ДАИШ лаңкестік тобының бақылауынан шыққан аймақтардағы Иранның ықпалы туралы ескерту жасауда. Бұл ескертулер АҚШ пен Израильдің қоғамдық ой-пікірді аймақтың шынайы қауіп-қатерінен алыстатуды көздеуде. Сионистік режимнің басшылары ДАИШ-тың жойылуына қатысты алаңдауы керек. Өйткені, ДАИШ-тен азат етілген Сирия олар үшін қорқынышқа айналады.