ДАИШ өзінің 5 қолбасшысын өлтірді
(last modified Tue, 15 Aug 2017 16:50:12 GMT )
Там 15, 2017 22:50 Asia/Almaty
  • ДАИШ өзінің 5 қолбасшысын өлтірді

Әл-Анбардағы көшпенді тайпалардың ерікті күштерінің қолбасшысы Қатри әл-Әбиди Alsumaria арнасына берген сұхбатында: "ДАИШ-тың бес басшысы Ирак әскери күштерінің шабуылдарында қорқақтық танытқаны үшін өлімге кесілді",-деді.

Ирак армиясының 7-ші бөлімшесі мен көшпенді тайпалардың ерікті күштері және «Арал амалдары» бригадасы бірнеше күн бұрын алдын алу операциясында ДАИШ-қа шабуыл жасап,  30-ға жуық лаңкестің көзін жойып, жарақаттады. Шамамен 2 апта бұрын Ирактың батысында орналасқан әл-Анбар провинциясының орталығы әл-Рамадидің оңтүстігінен 40 даиштік лаңкес көмілген ұжымдық көр табылды.

 

 

Тегтер