Иракта Талль-Афар қаласын азат ету амалдары басталды
(last modified Sun, 20 Aug 2017 09:40:27 GMT )
Там 20, 2017 15:40 Asia/Almaty
  • Иракта Талль-Афар қаласын азат ету амалдары басталды

Ирактың Премьер-министрі әрі Қарулы күштерінің бас қолбасшысы жексенбі күні таңертең Нейнава облысының орталығы Мосулдың батысынан 50 шақырым жердегі Талль-Афар қаласын ДАИШ лаңкестерінен азат ету амалдарының басталғанын ресми түрде жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хейдар әл-Абади жексенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде түркімендер тұратын Талль-Афар қаласын азат ету мақсатында ДАИШ тәкфирлік-лаңкестік тобына қарсы күрестің жаңа кезеңінің басталғанын  хабарлап: «Талль-Афар қаласына бірнеше тұстан шабуыл жасау басталды. Бұл соғыс ДАИШ-тың Иракта толық жеңілісіне дейін жалғасатын табады»,-деді.  

Ирактың Премьер-министрі әрі Қарулы күштерінің бас қолбасшысы осы мәлімдемесінде Талль-Афар қаласын азат ету амалдарына қатысып жатқан ирактық күштерге қаратып: «Барлығымыз сіздерден лаңкестерді жеңуді күтеміз»,-деді.

Әл-Абадидің айтуы бойынша, бұл амалда Ирактың Қарулы күштерінің  барлық тармақтары – армия, әл-Хашд әш-Шааби халықтық ерікті күштері, федералды полиция мен лаңкестікпен күрес ұйымының күштері қатысып жатыр.

Талль-Афар қаласын азат ету амалдары екі айға созылады деп болжанып отыр. Бұл амалдарда Талль-Афар қаласының ортасымен қоса, әл-Махалбие мен әл-Айазие ауданы және қаланың айналасындағы 28 ауыл ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат етіледі деп күтілуде.