Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторындағы нашар жағдай туралы хабарлады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30080-Палестина_Денсаулық_сақтау_министрлігі_Газа_секторындағы_нашар_жағдай_туралы_хабарлады
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі осы оқшауланған аймақтағы халықтың нашар денсаулық жағдайы туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 21, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторындағы нашар жағдай туралы хабарлады

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі осы оқшауланған аймақтағы халықтың нашар денсаулық жағдайы туралы хабарлады.

Палестина ақпарат тарату орталығының мәліметі бойынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Қазір Газа секторындағы үш мың палестиналық науқас емделу үшін шетелдерге жіберілуі тиіс. Себебі, бұл науқастарды аймақтан шетелдерге жібермеген жағдайда көптеген адамдардың қазасына куә боламыз",- деп мәлімдеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Ашраф Ғодрат Газа секторының ең үлкен мәселесін дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығы мен электр энергиясының дағдарысы деп атады.

Қазіргі таңға дейін Газа секторындағы дәрі-дәрмектің болмауы мен сионистік режимнің науқастарды емдеу мақсатында шетелдерге шығаруға тыйым салуының салдарынан 24 палестиналық науқас қаза болды.

Газа секторы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуі бойынша, Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас халі нашар және обыр ауруына шалдыққан науқастарға Газа секторынан тыс емдеу орталықтарына жіберуге рұқсат беруден бас тартып отыр. Бұл науқастардың ауыр жағдайының одан бетер нашарлауына себеп болды.