Сирия Батыс елдері жоспарының күлін көкке ұшырды
Сирия президенті Башар Асад: "Еліміз лаңкестікпен соғыста ауыр шығын көрсе де, Батыс елдерінің қастандық әрекеттерінің күлін көкке ұшырды",- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сирия президенті Башар Асад кеше жексенбі күні осы елдің СІМ-нің конференциясында дұшпандардың Сирияда соғыс бастағандағы мақсаттарына тоқталып: "Сирияға үстемдік ету бүкіл Таяу Шығыс аймағындағы үстемдікті білдіреді. Таяу Шығыс аймағында үстемдік еткен адам халықаралық сахнада ықпалды болады",- деді.
Башар Асад ИИР-ның лаңкестікпен күресте Сирияға көрсеткен көмектері мен Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің игі ниеті мен ықыласы үшін алғыс білдіріп: "Иран әрдайым Сирияға экономикалық, әскери және саяси тұрғыдан көп көмек көрсетті",- деді.
Сирия президенті қарсыласудың шығынын берілудің шығынынан азырақ екенін айтып: "Ресей, Иран және Ливан Хезболласы Сирияның қарсыласуы мен табандылығына үлкен үлес қосып, майдандағы жеңісті жақындатты",- деп қуаттады.