Сирияда шәһидтердің қаны үшін кек алу әрекеттерінің бірінші кезеңі басталды
(last modified Tue, 22 Aug 2017 09:02:08 GMT )
Там 22, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Сирияда шәһидтердің қаны үшін кек алу әрекеттерінің бірінші кезеңі басталды

«Сейед әш-Шохадо» батальонының шәһидтері мен шәһид Мохсен Ходжаджидың қаны үшін кек алу әрекеттері Сирияның шығыс аймағында ДАИШ-тың 30-дан астам лаңкесінің өлімімен басталды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша бұл әрекетте  «Сейед әш-Шоһадо» батальонының ұшқышсыз ұшақтарының бірліктері Сирия мен Ирактың шекарасындағы ДАИШ күштері мен жабдықтары орналасқан орталықты анықтап, оларды нысанаға алып, лаңкестердің 20 астам броньды көлігі мен танкін және адам тасымалдайтын көліктерін жойып, кемінде 30 лаңкесті өлтірді.

«Сейед әш-Шоһадо» батальонының әрекеттері – ДАИШ лаңкестерінің Сирия мен Ирактың ортақ шекарасындағы шабуылда шәһид болған Мохсен Ходжаджи мен аталмыш батальон шәһидтерінің қаны үшін кек алу әрекеттерінің бірінші кезеңі.

Бұдан бұрын Ислам революциясы Сақшылар Корпусының баспасөз хатшысы Мохсен Ходжаджидың шәһид болуына байланысты Ислам революциясы Сақшылар Корпусының ДАИШ лаңкестік тобынан кек алатынын айтқан болатын.

 

 

Тегтер