Башар Асадтың жуырда айтқан сөздерін сараптау жалғасуда
Сирия Президенті Башар Асадтың елінің Сыртқы істер министрлігінің конференциясында сөйлеген сөзінен бері 3 күн өткенімен, әртүрлі ақпарат құралдары оның сөзін талдауды жалғастыруда. Олардың көбі Башар Асадтың сөзін Сирияда лаңкестер мен олардың қолдаушыларына қарсы күрестің жеңіске жетуінің жақындауының белгісі деп сараптады.
Маңызды сұрақ мынада: неліктен, тіпті Израильдің ақпарат құралдары Башар Асадтың сөздерін жақын арадағы жеңіc деп сараптады? Бұл сұраққа жауап беру үшін үш мәселеге тоқталу қажет: бірінші мәселе – Асадтың сөзінің мазмұны. Негізінде Башар Асадтың өткен жексенбі күнгі сөзі Сириядағы саяси биліктің бөгде мемлекеттердің, әсіресе АҚШ пен Сауд Арабиясының ықпалына түсуіне алаңдамайтынын, сондай-ақ тұспалды түрде Сирияның лаңкестікке қарсы соғысының соңына жетуге жақындағанын көрсетті. Башар Асад Батыстың Сирияда сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: «Батыс жобаларының сәтсіздікке ұшырауы біздің толық жеңіске жеткенімізді білдірмейді. Олар сәтсіздікке ұшырағанымен, соғыс жалғасуда»,- деді. Башар Асад халық пен географиялық тұрғыдан Сирия жерінің біртұтастығының сақталғаны мен Израильдің басқыншылығы туралы мәселелерге тоқталып, Ресей, Қытай, Иран мен Хизболланың Дамаскті қолдауына алғыс айтты. Башар Асад сөзінің келесі бір бөлімінде Сирияның сыртқы саясатының стратегиясын анықтап, Шығыс пен азиялық елдерге бет бұруды жаңа стратегия деп атады. Екінші тақырып – жаңа ақпарат құралдарының ашылуы. Әртүрлі ақпарат құралдары өткен жылдар бойы Башар Асадтың сөздерінің үзінділерін жарияламауға талпынды. Бірақ, Сирия Президентінің жексенбі күнгі сөздеріне цензура жасалмақ түгілі, олар тіпті израильдік ақпарат құралдары мен сарапшыларының назарына түсті. Өткен 7 жылда Сирия жүйесіне қарсы соғыс ашқан Қатардың «әл-Джазире» арнасы тек Сирия үкіметіне қарсы әртүрлі топтарды маңызды санап келді. Алайда, бұл жолы 7 жылдан кейін ғана Башар Асадты Сирия Президенті деп атады. Ray al-Youm газеті тамыздың 22 күні Сирия Президентінің сөзін сараптап: «Башар Асадтың Сирия Сыртқы істер министрлігінде өткен конференцияда сөйлеген сөзі елінің қайта құрылу кезеңіне кіруге дайын екенін көрсетеді»,- деп жазды. Израильдің аналитигі Ирван Шнайдер Сирия Президентінің сөздерін сараптап: «Башар Асад жеңіске жетпегінімен, оның жақын екенін сезуде. Өткен бірнеше айда Сирия армиясы Ресей, Иран және Хизболланың көмегімен өз бақылауындағы жерлерден екі есе үлкен жерді бақылауына алды. Бұл шындық Асадтың сөзінен де байқалады»,- деді. Үшінші тақырып Сириядағы қазіргі майдандық өзгерістерге қатысты. Сириядағы майдандық өзгерістер бұл елдің жүйесінің пайдасына қарай ілгерілеп, Сирияда лаңкестердің жойылуы жақындады. Сирия соғысында лаңкестер тек екі аймақта, яғни Идлиб пен Дейр уз-Зорда ғана қалды. Олар да жақын арада лаңкестердің қолынан босатылады. Мұнымен қатар әртүрлі мемлекеттер Сириядағы жаңа жағдайды түсініп, Башар Асадты билік басынан кетіру мәселесін көтермейтін болды. Керісінше, Сириядағы лаңкестердің қатыгездігі мен талан-таражға салу кезеңінде Башар Асадтың қалуын жөн көреді. Осындай жағдайда Дамаскте еуропалық және азиялық 43 елдің қатысуымен халықаралық көрменің өтуі Сирияда лаңкестік пен оның демеушілерін жеңу үдерісінің жақындағанының белгісі. Қорыта айтқанда, Башар Асад сөздерінің негіздері мен сол сөздерге жасалған сараптамалардың түрлілігі Сирияның жаңадан құрылу және санкциялардан кейінгі кезеңге кіруін білдіреді.