Иран Сауд Арабиясының аймақтағы саясатын өзгертуін құптайды
ИИР Сыртқы істер министрі: «Егер Сауд Арабиясы аймақтағы саясатын қайта қараса, Иранның оң реакциясына ие болар еді»,-деді.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы Істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф ISNA ақпараттар агенттігіне берген сұхбатында Иранның әрдайым көршілермен жақсы қарым-қатынаста болғысы келетінін мәлімдеп: "Иранның аймақтық елдермен, соның ішінде Сауд Арабиясымен әріптестік саясаты осындай аяда болды. Бұл өзгерген жоқ. Иран Сауд Арабиясының сыртқы саясаты бүлдіргі сипатта болып, тіпті бұл елдің өзіне зарар тигізді деп санайды",-деп баса айтты.
Зариф, сондай-ақ, Арабстанның Ирактан Иран мен Арабстан арасына араағайын болу ұсынысы туралы: "Арабстан өзінің кейбір саясаттарын қайта қарастыруы керек. Бұл эр-Риядтың ұлттық мүддесіне сай болар еді", -деді.
Иран дипломатиялық аппаратының басшысы Иранның Арабстанмен диалогқа әрдайым дайын екенін құптап: «Иран аймақтағы дағдарыстарды әрдайым саяси жолмен шешуді көздеп келді. Алайда, Арабстан бұлай жасамай, өз мүддесін аймақта шиеленіс тудырудан іздеді»,-деді.