Ливанның шекаралас аймақтарындағы лаңкестермен күрес жалғасуда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30218
Ливан Хезболласының бас хатшысы Ливан мен Сирия арасындағы шекаралық жоталардағы соғыстың соңғы өзгерістері туралы: "Бұл аймақтағы соғыс лаңкестік топтардың көзін толығымен жойғанға дейін жалғасады",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 25, 2017 19:34 Asia/Almaty
  • Ливанның шекаралас аймақтарындағы лаңкестермен күрес жалғасуда

Ливан Хезболласының бас хатшысы Ливан мен Сирия арасындағы шекаралық жоталардағы соғыстың соңғы өзгерістері туралы: "Бұл аймақтағы соғыс лаңкестік топтардың көзін толығымен жойғанға дейін жалғасады",- деп мәлімдеді.

Сейіт Хасан Насролла Сирия мен Ливан әскери күштерінің ортақ әскери амалдары мен екі ел арасындағы шекаралық жоталардағы ливандық Хезболланың лаңкестермен қарсыласуына тоқталып: "Ливан әскерінің үйлесімдік жұмыстарының арқасында жүзеге асқан бұл әскери амалдарда Сирия мен Ливан шекарасындағы ДАИШ басып алған жерлердің басым бөлігі азат етілді",- деп мәлімдеді.

Хезболланың бас хатшысы ДАИШ содырларын екі мемлекеттің шекаралық аймақтарынан шығару мақсатында Сирия әскерімен бірлескен әскери амалдардың өткен аптада басталғанын айтып: "ДАИШ-тың адами қалқан ретінде әскери емес адамдарды пайдаланудағы қулығына қарамастан, әскери амалдар айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, Ливан жерлерінің басым бөлігі ДАИШ басқыншылығынан азат етілді",- деді.

Сейіт Хасан Насралла ливандықтарға: "Сендер өте үлкен жеңіске қарай қадам басып келесіңдер. Сол үшін бұл жеңісті мақтан тұтыңдар. Жақын болашақта лаңкестерден тазартылған Ливанның шекараларында қауіпсіздіктің орнағанына куә боламыз",- деп баса айтты.