Катар Иранмен қарым-қатынасты нығайту қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 25 Aug 2017 14:05:27 GMT )
Там 25, 2017 20:05 Asia/Almaty
  • Катар Иранмен қарым-қатынасты нығайту қажеттігін қуаттады

Катар СІМ бейсенбі күні таңертең өз елшісін Теһранға қайтаратынын хабарлады.

Катар СІМ өз мәлімдемесінде Доханың бұл әрекетінің екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту мақсатында жасалатыны туралы хабарлады. Катар өткен жылдың қаңтар айында Сауд Арабиясының көрсеткен қысымдары салдарынан өз елшісін Дохаға қайтарған болатын.

Катар Қорғаныс министрі Халед ибн Мұхаммад әл-Атыя жуырда: "Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының әділетсіз санкцияларынан кейін ИИР Катар әуе сапарлары үшін өзінің әуе кеңістігін ашып, Доханың тыныс жолын ашты. Иран Катардың әуе сапарлары үшін өз әуе кеңістігін ашуымен қатар, Доханың кейбір қажеттіліктерін шешті. Соның ішінде азық-түлікпен қамтамасыз етті",- деді.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастары (Мысыр, БАӘ, Бахрейн)  2017 жылы маусымның бесінен бастап Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, өздерінің құрлық, теңіз және әуе шекараларын аталмыш ел үшін жапқан болатын. Бұл төрт мемлекет Катарды Рияд басқаратын араб үдерісімен бағыттас болмағаны үшін айыптады.

Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ және Бахрейн маусымның жиырма үші күні Катарға өз талаптарының тізімін ұсынып, Доха мен осы елдердің қатынастарының қалыпты күйге келуін осы талаптардың жүзеге асуымен байланысты деп жариялаған болатын. Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Катар үшін қойған негізгі талаптарының бірі Катардың Иран, Ливан Хезболасы мен Палестина қарсыласу топтарымен дипломатиялық қатынастарды үзу болды.

Бірақ, Катардың кесімді ұстанымы Арабстан мен оның одақтастарының Катарға қисынсыз, мәжбүрлі және араласушылық көзқарастарын таңу мен олардың АҚШ-тың аймақта Иранды оқшаулау мақсатындағы жеңіліс тапқан саясатын ілгерлетудегі стратегиясының сәтсіздікке ұшырауын бұрынғыдан бетер айқындай түсті. Катар соңғы айларда ХАМАС пен Хезболланы дұшпанмен соғысып жатқан екі қарсыласу күші, ал ИИР-ды аймақтағы исламдық қуатты ел саналатынын бірнеше рет баса айтып, аймақ елдерінің осы әлеуеттерін пайдалану керектігін қуаттаған еді. Бұл ұстанымдар Катардың аймақтағы жаңа саяси-дипломатиялық әрекеттері мен оның Иранды аймақтағы тәуелсіз әрі қуатты ел санайтынын білдіреді. Мұндай кеңістікте Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы текетірестің шиеленісуі бірнеше ай бұрын Дональд Трамптың құзырымен Арабстан тарапынан Риядта көрсеткен бірлік пен ынтымақтастықтың берік еместігін білдіреді. АҚШ президенті Дональд Трамптың 2017 жылдың мамырдың жиырмасы күні Сауд Арабиясына сапары, Вашингтон және Рияд арасындағы қару-жарақ сату жөніндегі келісімге қол қойып, сондай-ақ Трамптың Рияд отырысында айтқан арам пиғылды сөздерінен кейін Катар мен Сауд Арабиясы және басқа араб мемлекеттері арасындағы келіспеушіліктер баршаға мәлім болды. Катар басшыларының Иранмен жақындасу туралы сөздері, оның Арабстан мен кейбір араб мемлекеттерінің Ираннан үркіту саясатын сынға алуы Сауд Арабиясының талап етіп отырған жетістіктерінің Риядтағы араб-исламдық отырысының ықпалына түскенін көрсетеді. Катар мен Сауд Арабиясы арасындағы текетірес Арабстанның араб НАТО-сын құру мақсатының сәтсіздікке ұшырағанын білдіреді. Сауд әулеті режимі АҚШ-тың рұқсат беруімен ИИР-мен күресу мақсатында «араб НАТО-сын» құру үшін көп талпыныс жасады. Бірақ, Катар мен Арабстан және оның кейбір одақтастары арасында пайда болған келіспеушіліктер «араб НАТО-сын» құру арманының орындалмайтынын, сонымен қатар Катар, Оман және Кувейт секілді елдердің ИИР-мен қарым-қатынасын кеңейту қажеттігін қуаттап отырғанын көрсетті. Осылайша бұл өзгерістер Сауд Арабиясы мен оның аймақтағы санаулы одақтастарының бұрынғыдан бетер оқшаулануына соқтырды. Аймақтық және халықаралық өзгерістер Иранның әлемдік деңгейдегі сәтті дипломатиясының күнен-күнге артып келе жатқан әлеуеті мен орнын бұрынғыдан бетер айқындай түсті.