Ирактың әскери күштері Талль-Афарда сәттілікке қол жеткізді
(last modified Sat, 26 Aug 2017 13:11:52 GMT )
Там 26, 2017 19:11 Asia/Almaty
  • Ирактың әскери күштері Талль-Афарда сәттілікке қол жеткізді

Сенбі күні Ирактың ақпарат көздері Ирактың солтүстігінде орналасқан Талль-Афар қаласындағы аудандардың басым бөлігінің ДАИШ сионистік-тәкфирлік тобының басқыншылығынан азат етілгенін, сондай-ақ ирактықтардың қаланың толығымен азат етілгені туралы хабарды күтіп отырғанын хабарлады.

Ирактың бірлескен әскери күштері Талль-Афар қаласында жеңістерінің жалғасында қаланың орталығы мен "Ескі қамал" ауданына кірді. Ирактың лаңкестікпен күрес ұйымының ақпарат хатшысы ұйымның әскери күштерінің Ирактың туын Талль-Афар қамалының төбесіне тіккенін  хабарлады. Ирактың әскери күштері Талль-Афар қаласының орталығына кірген соң ДАИШ лаңкестері қаладан қашты.

Ирак Қорғаныс министрлігінің хабарлауы бойынша, Талль-Афарды азат ету амалдары барысында 300-ден астам даиштік өлтіріліп, қаланың 30-ға жуық ауданы азат етілді.

 

 

Тегтер