Бағдадтағы жарылыс салдарынан 5 адам қаза болды
(last modified Sun, 27 Aug 2017 15:26:17 GMT )
Там 27, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Бағдадтағы жарылыс салдарынан 5 адам қаза болды

Ирактың астанасы Бағдад қаласында орын алған екі жарылыс салдарынан 5 бейбіт тұрғын қаза болды.

Sumariya news хабар арнасының жексенбі күнгі хабарлауынша, Бағдад қаласының оңтүстік-батысында бомба қойылған бір көліктің жарылуы салдарынан 3 ирактық азамат қаза болып, 5 адам жараланды. 

Сонымен қатар, Бағдадтың оңтүстік аудандарының біріне қойылған бомба жарылысы салдарынан да 2 адам қаза болып, тағы бір адам жарақаттанды. 

Ирактың Күрдістан аймағының Эрбиль халықаралық әуежайының маңында сенбі күні кешке жойқын жарылыс болды. 

ДАИШ лаңкестері ирактық күштермен қақтығыстарда, әсіресе Нейнава облысындағы шайқастарда үсті-үстіне жеңіліп жатқандықтан, лаңкестер Ирактың түрлі қалаларында түрлі жарылыстар ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарды қыра бастады.