Там 28, 2017 21:40 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Ешбір мемлекет Сирия халқының орнына шешім қабылдай алмайды

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Джабери Ансари: "Аймақтағы халықтар – өз мемлекеттерінің қожайындары. Сондықтан, ешбір мемлекет Сирия халқының орнына шешім қабылдай алмайды",-деді.

Хосейн Джабери Ансари дүйсенбі күні Теһранда БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен кездескен соң журналистерге: "Де Мистурамен диалог Сирия дағдарысын шешуде әсерлі рөл атқаратын елдердің (Иран, Ресей, Түркия) кеңестері аясында орын алды. Соған сәйкес, Сирия дағдарысын шешуге арналған алтыншы халықаралық отырыс 2017 жылдың қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында өтеді. Астана халықаралық отырысын өткізудің нақты уақытын белгілеу үшін Сириядағы бейбітшілікті кепілдендіретін үш мемлекетпен кеңесіп жатырмыз",-деп баса айтты.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура журналистерге: "Сирияда ДАИШ лаңкестік тобымен күрес жолындағы саяси және әскери сахнада маңызды өзгерістер орын алды. Иран Сириядағы өзгерістер жайлы ортақ түсініктерге жетуде ықпалды ел болып отыр",-деді.

 

 

Тегтер