Бүгін Ливан мен аймақ үшін тарихи күн
(last modified Tue, 29 Aug 2017 09:43:48 GMT )
Там 29, 2017 15:43 Asia/Almaty
  • Бүгін Ливан мен аймақ үшін тарихи күн

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Ливанның шығыс аймақтарын тәкфиршіл лаңкестік топтардан тазартылуға орай сөйлеген сөзінде: «Бүгін Ливан мен Таяу Шығыс аймағы үшін тарихи күн»,- деді.

«Әл-Майадин» арнасының мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні кешке Ливанның қарсыласу қозғалысы мен армиясының елдің шығысындағы тәкфиршіл топтарға қарсы ортақ әрекеттеріне тоқталып: «Бұл әрекеттерді іске асырудың арқасында аймақ лаңкестерден толығымен азат етілді. Бұл Ливан мен аймақ халықтары үшін үлкен жеңіс саналады»,- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы ДАИШ лаңкестерінің қарсыласу қозғалысының шарттарын қабылдағанына сілтеме жасап: «Ливанның жеріндегі Джуруд аймағынан Сирияның Букмал аймағына кететін лаңкестердің саны шамамен 670 адам. Лаңкестер Ливаннан шығу үшін біздің үш шәһидіміздің мәйіті мен қарсыласу қозғалысының бір тұтқынын қайтаруы қажет»,- деп қуаттады.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы  сондай-ақ ДАИШ лаңкестік тобын АҚШ-тың өнімі деп атап: «Бұл лаңкестік топ Израильге қызмет ету мақсатында құрылған. Сионистер, әсіресе сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Ирак пен Сирия және Ливандағы ДАИШ-тың сәтсіздіктері үшін көз жастарын төгуде»,- деді.