Ирактың Талль-Афар қаласында Орта Азия азаматтарына қатысты жүздеген құжат табылды
Фарс ақпарат агенттігі Ирактың Талль-Афар қаласында Орта Азияның ДАИШ-қа мүше болған азаматтарына қатысты жүздеген құжаттың табылғанын хабарлап:
"Ирактың әскери күштері Талль-Афар қаласын ДАИШ лаңкестерінің қолынан азат ету барысында Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның даиштік азаматтарына тиесілі жүздеген құжат тапты",-деп хабарлады.
Құжаттар ДАИШ лаңкестік тобының сот ғимараты немесе басқару орталығынан табылды. Табылған құжаттардың арасында Орта Азия азаматтарының ДАИШ лаңкестік тобына қосылған күні, олардың Ауғанстан мен Сирия және Ирактағы қақтығыстарға қатысқаны жөнінде ақпараттар берілген.
Ирак әскери күштерін басқару штабы құжаттардың тексеріліп, зерттелуі үшін осы елдің барлау ұйымына жіберілгенін мәлімдеді.
Ресей басшылығының айтуынша, ТМД елдерінің 10000-нан астам азаматы Сирия мен Ирактағы соғыстарға қатысып жатыр.