Мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінде ислам әлемінің бірлігі қуатталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i30394-Мүшіріктерден_безуді_жариялау_рәсімінде_ислам_әлемінің_бірлігі_қуатталды
Алланың үйіне қажылық жасауға барған зияратшылар Арафат жазығындағы мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінің қорытынды баяндамасында ислам әлемінің бірлігі мен Палестина және Құдс шәріп мәселелерін баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 31, 2017 21:03 Asia/Almaty
  • Мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінде ислам әлемінің бірлігі қуатталды

Алланың үйіне қажылық жасауға барған зияратшылар Арафат жазығындағы мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінің қорытынды баяндамасында ислам әлемінің бірлігі мен Палестина және Құдс шәріп мәселелерін баса айтты.

Зияратшылар х.қ.ж.с.б зилхадже айының тоғызы, бейсенбі Арапа күні және Арафат жазығындағы мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінің қорытынды қарарында тәкфиршілердің бүлік шығаруы мен кейбір елдердің Құдсты басып алушы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға бағытталған талпыныстары мен АҚШ-тың ислам әлемінің істеріне араласуын айыптады.

Мүшіріктерден безуді жариялау рәсіміне қатысқан зияратшылар ДАИШ лаңкестік тобы мен тәкфиршіл топтарға қарсы табандылық таныту мен қарсыласу бағытында күресуді қолдап, "АҚШ-қа өлім!", «Израильге өлім!" деп ұрандатып, АҚШ пен сионистік режимнің нәсілшілдік саясаттарын айыптады.

Мүшіріктерден безуді жариялау рәсімінде ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің әл-Харам мешітінің зияратшыларына арналған жолдауы оқылды.