Лаңкестердің Ливандағы құзыры аяқталды
Ливан Хизболласының Бас хатшысы сейед Хасан Насролла тәкфиршіл лаңкестік топтардың бірнеше жыл бойы Ливанның шығысындағы құзырының аяқталғанын хабарлады.
Сейед Хасан Насролла Ливанның азат етудің екінші мейрамына қатысты шарада елдің армиясы мен қарсыласу қозғалысының солтүстік-шығыс аймағындағы лаңкестермен қақтығысындағы жеңістеріне тоқталып: «Бүгін Ливанның ешбір аймағында лаңкес жоқ. Мұны әлем білуі керек»,- деді.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы америкалықтардың Ливан мен Сирияның шекарасындағы лаңкестікке қарсы екі әрекетте жеңіске жетуіне қатысты ашу-ызасын қуаттап: «Америкалық басшылар бұл әрекет басталысымен Ливан армиясын құрал-жабдықпен қамтамасыз етпейтінін айтып, қоқан-лоққы жасады» деді.